Tastamat | KZ

Тастамат Қазпоштаның 150 постоматын жетілдіреді

Жеткізудің болашағы осында: Тастамат онлайн-сатып алудың ыңғайлылығы мен қолжетімділігі үшін Қазпоштаның 150 постоматын жетілдіреді.

Біз Қазпоштамен бірлесіп олардың пошта терминалдарын жаңғырту бойынша жұмысымызды бастап кеткенімізді жариялаймыз. Соңғы жылдары компаниямыз еліміздің түкпір түкпірінде орналасқан 450 тастамат арқылы 450 мыңнан астам сәлемдеме жеткізді.

Еліміздегі электрондық коммерцияны дамытуды басты мақсат етіп, бізге қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын бірлесіп жақсартуға сенім артып отырған Қазпоштаға алғысымызды білдіреміз.

Бұған дейін поштаматтар Қазпошта бөлімшелерінде орналасып, жұмыс уақыты аяқталған соң, олар клиенттерге қолжетімсіз еді. Ендігі әрі біздің командамыз терминалдарды жинап, жөндеп, қажет модификацияларды енгізіп, оларды клиенттерге қолжетімді орындарға орналастыратын болады. Біздің терминалдар құрудағы тәжірибеміз Қазпоштаның 150 постаматынан 450 постамат жасап шығаруға мүмкіндік береді.

Осылайша, біздің команда 450 терминал құруға жұмсалатын 450 мың доллардан астам қаражатты үнемдеуге бағытталған. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз артық шығындарды жойып, өз күшімізбен made in KZ терминалдарын жасаймыз.

Біздің мақсатымыз - постоматтарды барлық клиенттер үшін мүмкіндігінше ыңғайлы және қолжетімді ету. Біз оларды қалалар мен ауылдардың әртүрлі нүктелеріне(дүкендер, дәріханалар, сауда орталықтары т.с.с.) орналастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл тұтынушыларға онлайн тапсырыстарды жеңіл жасауға және сатушыларға курьерлік жеткізу шығындарын азайта отырып, тауарларды тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

Біз Қазақстанда электрондық коммерцияны дамытуға өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне және әріптестік үшін Қазпоштаға алғыс айтамыз. Тұтынушыларымыздың сенімін ақтауға аянбай еңбек етуге қуаныштымыз.
Жаңалықтар
Made on
Tilda