1. Тастаматты таңдаңыз
Алдымен, өзіңізге алуға қолайлы, үйіңізге жақын жер болсын. Tastamat cайтына көшеміз.
- Тізімнен Тастамат орнатылған Қазақстанның 8 қаласынан таңдаймыз. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Петропавловск.
- Өз мекенжайымызды енгіземіз.
- Өзімізге жақын Тастаматты тауып аламыз.
2. Жеткізу мекенжайын толтыру
Тауарды таңдап алған соң сіз жеткізу мекенжайын толтырыңыз. Ол үшін Aliexpress сайтына көшіп, өз бейінімізде рұқсат берілген іс-әрекетті орындай бастаймыз да, содан соң Менің бейінім (профилім) бөліміне өтеміз.


- Тегі, аты-жөні
- Телефон нөмірі
- Ел мен қаланы таңдаңыз
- Көше мен индексті таңдаған Тастаматтың мәліметінен алу керек. Мысалы, мен 910033 индексті тастаматты таңдадым және осы индекс пен оның латынша жазылған мекенжайы Mangilik EL 19 көрсеттім.
3. Тапсырысты рәсімдеу
Енді тапсырысты рәсімдеу кезеңінде біз өткен қадамда толтырған жеткізу мекенжайы тұруы тиіс.
Енді бізге сәлемдеменің Тастаматқа түскенін күту ғана қалды. Сәлемдеме түскен соң сізге екінші қадамда толтырған телефон нөміріңізге тапсырысты қалай алуға болатындығы жайында толық нұсқалы смс хабар келеді.
P.S. Назарларыңызға рахмет! Бұл түсініктеме нұсқама сіздердің клиенттеріңізге пайдалы болды деп ойлаймын.